• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Есімов:Учаскелік инспекторлар өздері қызмет көрсететін учаскедегі әрбір тұрғынды білуі тиіс

А. Есімов:Учаскелік инспекторлар өздері қызмет көрсететін учаскедегі әрбір тұрғынды білуі тиіс

14 Тамыз, 2014 18:41
Алматыда ерекше көзге түскен 300 полиция қызметкері, соның ішінде 86 учаскелік инспектор арнайы сыйлықпен марапатталды, деп қала әкімдігі хабарлады.

Жыл басынан бері қарай учаскелік инспекторлар 169 732 пәтер мен үйді аралап шыққан. Соның арқасында олар 2144 азаматтың салық органдарына тіркелмей пәтерлерін жалға бергендігін, 2334 адамның тіркеусіз және құжатсыз тұрып жатқандығын анықтаған. Іздеуде жүрген 36 қылмыскер табылған, із- түзсіз жоғалған 12 адамның мекен жайы анықталған.Учаскелік инеспекторлардың ұсынысы бойынша 213 азамат жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелген.

«Учаскелік инспекторлардың басым құрамы - кәсіби білікті және тәжірибелі қызметкерлер. Олардың қатысуымен 1990 қылмыс ашылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,1%-ға көп. Учаскелік инспекторлар өздері қызмет көрсететін учаскелер тұрғындарының әрқайсысын жіті білуі тиіс және құқық бұзуға бейім жандарды анықтап, олармен профилакткалық жұмыс жүргізгендері жөн» , - деді Ахметжан Есімов.

Барлық жаңалықтар