- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының құрылыс нысандарын облыс әкімі аралады
Павлодар облысының құрылыс нысандарын облыс әкімі аралады
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, жұмыс сапары Ертіс өзенінде салынып жатқан өтпелі көпірден басталды. Аталмыш нысанның құрылысы 2013 жылы басталып, жалпы ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды. Оған 250 жұмысшы мен 137 техника жұмылдырылған. Бұл жерде жұмыс тәулік бойы әрі кесте бойынша жүріп жатыр. Мердігердің айтуынша, көпір сапалы түрде айтылған мерзімде қолданысқа берілмек.
Нысанды қарап шыққан облыс әкімі жобаның құрылысына ең алдымен жергілікті тұрғындарды тарту әрі жұмылдыру қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар көпірді салуға тартылған барлық мердігерлік ұйымдар өңір аумағында тіркеліп, олар төлеген салық облыс бюджетінде қалуы керек. Осыдан кейін сол түсімдер жергілікті автомобиль жолдарын жөндеуге қайта жіберілетін болады.
Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев Павлодардағы «Орталық» бас жол өтпесіне жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жол өтпесін жөндеуге жергілікті бюджеттен 130 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылды. Жоба бойынша көпірді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үстіміздегі жылдың қараша айына дейін жоспарланған. Қазіргі уақытта арқалықтарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау