• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау - Елбасының заманауи шешімі - фермер

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау - Елбасының заманауи шешімі - фермер

14 Тамыз, 2014 13:32
Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау - Елбасының заманауи шешімі. Бұл туралы «Strategy.2050kz» АА берген сұхбатында Ақтөбе облысындағы «Степное» ЖШС директоры Аманғос Төлеуов хабарлады.

Оның пайымынша, министрліктерді қысқарту, агенттіктерді оңтайландыру әрекеттері олардың өз бетінше күрделі мәселелерді шешуде әрекет етуге итермелейді. Оның үстіне, бір апаратта бірнеше мемлекеттік органның қызметі топтастырылады.

«Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігіне су ресурстары, қоршаған орта, балық шаруашылығы сынды бірқатар қызметтер қосылды. Менің ойымша бұл заңдылық, себебі олар өзара тығыз байланысты және одан жұмыс тмиімділігі артпаса кемімейді. Оның үстіне кейбір заңды процедулар жеңілдейтін болады», - деп атап өтті А.Төлеуов.

Оның айтуынша, мемлекеттік саясатты жасақтау және жүзеге асыру саласындағы реформа экономиканың негізгі салаларында кооперацицяның артуына септігін тигізіп, даму барысында тың серпін береді.

Барлық жаңалықтар