• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл басынан бері бөлшек сауда көлемі 12,4 пайызға жоғарылады – Статагенттігі

Жыл басынан бері бөлшек сауда көлемі 12,4 пайызға жоғарылады – Статагенттігі

14 Тамыз, 2014 12:59
2014 жылғы қаңтар-шілдедегі бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,4%-ға жоғарылап 3 130,1 млрд. теңгеге жетті, деп ҚР Статистика агенттігінде хабарлады.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2013 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 1 716,9 млрд. теңгені құрады немесе нақты мәні 15,4%-ға артық.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәні 9%-ға жоғарылады,  аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 45,1%-ды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың   жалпы көлеміне 65,5%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға өсті, азық-түлік тауарлар – 11,1%-ға ұлғайды.

2014 жылғы 1 тамызға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 285,9 млрд. теңгені құрады, саудадағы күндері – 47 күн.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2014 жылы қаңтар-шілдеде республикада Алматы қаласы (28,2%), Астана қаласы (10,6%) және Қарағанды облысы (9,7%) құрады.

Барлық жаңалықтар