- Басты
- Жаңалықтар
- Алтай өңірінің делегациясы ШҚО аудандарына экспедиция жасады
Алтай өңірінің делегациясы ШҚО аудандарына экспедиция жасады
«Шемонаиха ауданында және Өскемен қаласының орталығында тамыз айының 6-нан бастап 11-не дейін Алтай өлкесінің делегациясы қонақта болды. Құрамы мектеп оқушылары, студенттер, мұғалімдер, балалар шығармашылық орталықтарының әдіскерлері, медицицна қызметкері, БАҚ өкілдері, мұражай қызметкерлері және «Өз үйіңнен баста» өлкелік қоғамдық қозғалысы басқармасының басшысы С.И.Малыхиннің басшылығымен 48 қатысушысы бар делегация ауданымыздың барлық көрікті жерлерін аралады. Экологиялық экспедиция аудандық «Эдельвейс» шатыр лагерінде және Выдриха селолық округі «Уба» өзенінің жағасындағы «Кочевник» киіз үй лагерінде орналасты», - делінген хабарламада.
Ауданның мәдени бағдарламасы келесідей болды: аудандық өлкетану мұражайы, А.С.Ивановтың үйі мен жазушының атындағы сквер, Мария жартасының көру алаңына, ескерткіштер мен обелисклерге гүл шоқтарын қою, А.С.Ивановтың шығармашылығымен танысу, аудандық Мәдениет үйінің әртістері мен көркемөнерпаздар ұжымының дайындаған концерттік қойылымдарын тамашалау.
««Орлята» командасы ауданымыздың көркем жерлерін аралап қана қоймай, сондай-ақ тірек ауылдар Камышинка, Выдриха, Верх-Уба ауылдарының тарихымен танысып, тарихи орындарын аралады.
Акцияның мүшелері АДА жұмысымен танысты, жас мамандарға арналған тұрғын үйлерді көрді, аудандық Мәдениет үйін, Выдриха ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайын, балалар ойын алаңдарын, Камышинка ауылындағы шағын зообақ, жеке кәсіпкер Роман Швенкенің жылқы фермасында болып, ат жарысынан облыс, аудан жеңімпаздары жайында қызықты мәліметтер алды», - деп атап өтілген хабарламада.
Делегация мүшелерін аудан әкімі А.Тоқтаров қабылдады. Аталған кездесуде «Өз үйіңнен баста» атты 17 балалар делегациясының жұмысы қорытындыланды. Атқарылған жұмыстардың естеліктерімен бөлісіп, аудан әкіміне естелік сыйлық табыс етті. Өз кезегінде аудан әкімі А.Токтаров балаларға сыйлықтар табыс етіп, ақ жол тіледі.
«Балалар экологиялық экспедициясы барлық аудандық бұқаралық-ақпарат құралдарының және облыстық «Қазақстан - Өскемен» телевидениесінің қызығушылығын тудырды. Ресей Федерациясының өкілдерімен аудан әкімінің орынбасары О.Булавкина, ішкі саясат бөлімінің мамандары, жастар орталығы, ауданнның қоғамдық жастар бірлестіктерінің өкілдері жұмыс істеді», - делінген хабарламада.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады -
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы -
«Ақ жол» демократиялық партиясы мәлімдеме жасады -
Цифрлы Қазақстан: Пандемия цифрландыру үрдісіне қандай түзетулер енгізді -
Тоқаев: Қазақстандық делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады -
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады