Келер жылы Таразда Ардагерлер үйі ашылады

14 Тамыз, 2014 11:03
Таразда Ардагерлер үйін ашу жоспарлануда, бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев аймақтың ардагерлерімен кездесуінде айтты, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

Кездесу барысында аймақ басшысы келер жылы пайдалануға беру жоспарланған  жаңа Ардагерлер үйінің құрылысы туралы жеткізді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

«Бүгінде аймақта ардагерлердің тұрғын үй мәселесі толығымен шешілген. Мысалы, соңғы 5 жылда 77 ардагерге жаңа пәтердің кілті берілді», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, облыс әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша басқармаға келер жылдан бастап ардагерлерге санаториялық-курорттық жолдаманы беруді қайта жаңғыртуды тапсырды.

Ол ерекше атап өткендей, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығына дайындық бүгіннен басталуы керек.

Жалпы, облыста Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығын атап өтуге 170 млн теңге бөлу көзделуде.

 

Барлық жаңалықтар