ҰҚШҰ жаттығуына 3 мыңға жуық адам қатысады

14 Тамыз, 2014 10:38
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің «Өзара іс-қимыл - 2014» оқу-жаттығуы 2014 жылғы 18-22 тамыз аралығында Қарағанды облысының «Спасск» полигонында өтеді, деп Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Шараға  Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштерінің әскери контингенттері қатысады.

Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер контингенттерінің басқару органдары мен әскерлері ҰҚШҰ ҰЖДҚК кұрамындағы контингенттерді Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңірінде қолдану мәселелерін пысықтайтын болады.

Оқу-жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 3 мыңға жуық адамды құрайды. Сонымен қатар, оқу-жаттығуға 200-ден астам әскери техника және 30-ға жуық авиациялық техника қатысады.

Барлық жаңалықтар