• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е. Құрманбекова: Мемлекеттің басқару жүйесіндегі реформа – уақыттың талабы

Е. Құрманбекова: Мемлекеттің басқару жүйесіндегі реформа – уақыттың талабы

14 Тамыз, 2014 09:33
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформа – уақыттың талабы, деп Strategy.2050kz АА берген сұқбатында Ақтөбе қаласының мәдениет қайраткері, еңбек ардагері Еркін Құрманбеков айтты.

Оның айтуынша, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент мемлекеттің басқару жүйесін қайта құрылымдау бойынша бірқатар өзекті мәселе көтерді. Оның Жарлығы бойынша Қазақстанда министрліктер 17-ден 12-ге дейін қысқартылды. Мұндай шешімнің қабылдануы өте дұрыс, себебі олар жасаған жұмыстың нәтижесі қажет, ал олардың атқаратын қызметтері өте ұқсас болды.

«Осындай болып жатқан өзгерістер қызметтің сапасына да оң әсер береді деп ойлаймын. Бұл медицина саласының да дамып, өркендеуіне өзінше үлес қосады», - деді ол.

Оның пікірінше, біріккен және кеңейген министрліктерде кадр таңдауды басымдыққа алу қажет, әрбір қызметкер  мемлекет мүддесін өзінікінен жоғары қоюы керек. 

Барлық жаңалықтар