• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы министрлердің жаңа орынбасарлары мен жауапты хатшыларын тағайындады

Елбасы министрлердің жаңа орынбасарлары мен жауапты хатшыларын тағайындады

13 Тамыз, 2014 18:20
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев министрлердің жаңа орынбасарлары мен жауапты хатшыларды тағайындады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне; 

Владимир Карпович Божко Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне; 

Данияр Валерьевич Вагапов  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды;

бұрынғы атқарған қызметтерінен босатыла отырып:

Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; 

Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне;

Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Барлық жаңалықтар