ШҚО-да 5 жыл ішінде инновациялық кәсіпорындар саны 2 есеге көбейді

13 Тамыз, 2014 18:07
Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жыл ішінде инновациялық кәсіпорындар саны 2 есе көбейді, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығы хабарлады.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бастығы Шәкәрім Бүктігітов атап өткендей, жаңа бесжылдықта аймақта металлургиялық кластерді дамытуға басымдық беріледі.

Сонымен қатар, қабылданған машинақұрылысы саласындағы бірқатар мемлекеттік бағдарламалар аясында аталмыл сала ШҚО-да басымдылық берілетін салалар тізіміне енгізілді.

Үшінші басымдылық берілген сала ол энергетика болады. Энергетикалық кластерді дамыту «болашақ эканомкасы» секторын дамытуға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар