Астананың жаңа 4 мектебі 1 қыркүйекте оқушыларды қарсы алады

13 Тамыз, 2014 16:56
2014-2015жж жаңа оқу жылы қарсаңында Астанада 4 мектеп ашылады, деп елордалық әкімдіктен хабарлады.

Жаңа оқу маусымында 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Олардың қатарында математикалық бағыттағы №73 физика-техникалық лицейі, инклюзивті дәрежелі №74 жалпы-гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназиясы, жалпы-гуманитарлық бағыттағы №75 мектеп-гимназия, сондай-ақ, №76 мектеп-лицейі бар.

Жалпы олар 4800 оқушы қабылдауға қауқарлы.

Жыл сайын елордада жаңа тұрғын үйлер мен кешендер бой көтеруде. Әсіресе, құрылыс Есіл ауданында қарқынды жүргізілуде. Ал, жаңа білім беру мекемелерінің бой көтеруі оқушылардың алысқа қатынамай, үйге жақын әрі ыңғайлы орналасып, сыныптардағы балалардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар