Шығыс Қазақстанда киберспорттан турнир өтеді

13 Тамыз, 2014 19:47
20-24 тамыз аралығында Өскеменде ШҚО жастар саясаты басқармасының қолдауымен киберспорттан облыстық турнир өтеді.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, жоба ірі ИТ техника дүкенімен бірлесіп жұмыс істеуде, турнирдің жүлде қоры 100 мыңды құрайды.

Шараға облыстың барлық кәсіптік және әуесқой  құрамалар қатыса алады. Жарысқа көрермендер мен жанкүйерлер де қатыса алады, олар үшін LED  экран арқылы қаланың орталығында туринирдің  тікелей эфирі көрсетіледі.

Шара екі кезеңге бөлінген құрамалық және off. Жеңімпаздарды марапаттау 26 тамыз күні өтеді. 

Барлық жаңалықтар