- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық онколог дәрігерлер жетекші шетелдік клиникадан тағылымдамадан өтті
Қазақстандық онколог дәрігерлер жетекші шетелдік клиникадан тағылымдамадан өтті
Қазақстан Республикасында Онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – ұлттық және жетекші шетел клиникалары мен ғылыми орталықтарын, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қолдауымен де қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін көрсету дағдыларына ие болған онкологиялық қызмет мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.
Осыған байланысты, онкологиялық қызмет мамандары жетекші шетелдік клиникаларда тағылымдамадан өтеді. Халықаралық сарапшыларды тартумен мастер-кластар өткізіліп тұрады. Бұдан басқа, барлық өңірлерде дәрігерлер онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикалау мәселелері бойынша оқытылуда.
Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы шеңберінде Қазақ онкология және радиология ҒЗИ дәрігерлері Париж қаласында Густав Русси атындағы обыр институты базасында оқытудан өтті.
«Аталған институт – Еуропадағы ең ірі ғылыми-зерттеу институттарының бірі. Жыл сайын обырдың 45 мың жағдайын емдейді және 200 мың жағдайға консультация өткізілді.Дәрігерлер жетекші еуропалық клиникада тағылымдама лекцияларға және комитет отырыстарына ғылыми-практикалық семинарларға қатысумен ғана шектелген жоқ. Олар француз әріптестерінің жұмысымен танысу, еуропалық мамандардың емдеу тәсілдерін біздің елімізде де қолдану мүмкіндіктеріне ие болды», - делінген хабарламада.
Дәрігер онкологтар HIPEC (ішкі интра-операция гипертермиялық химиялық емдеу) инновациялық емдеу әдістерімен және т.б. танысты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ