Қазақстанда «Еңбек ардагері» медалі тағайындалды

13 Тамыз, 2014 12:21
Қазақстанда «Еңбек ардагері» (Ветеран труда) медалі тағайындалды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

2014 жылы 31 шілдеде аталмыш медальді белгілеуді қарастыратын Үкіметтің тиісті Қаулысы қабылданған.

Қазақстан Үкіметінің бұл Қаулысы қоғамымыздағы «Еңбек адамы» мәртебесінің мерейін арттыра түсу, өндірістік еңбекті ынталандыру, жұмысшы мамандықтардың абыройын арттыру және жастарды өндірістерге тарту, ҚР Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бастамасы аясында жұмысшылар әулетінің көп жылғы дәстүрін үлгі ету үшін бағытталған.

«Еңбек ардагері» медалі ешбір салаға байланбаған тұңғыш әрі жалғыз ведомстволық марапат болып отыр. Ол медальға жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асатын, соның ішінде бір салада 10 жылдан астам жұмыс істеген, сондай-ақ еңбек жолында ең үздік көрсеткіштер көрсете білген зейнеткерлер мен үздік еңбеккерлер ғана қол жеткізе алмақ.

Барлық жаңалықтар