Үздік сержант атағы үшін 67 әскери қызметші бақ сынасады (ФОТО)

13 Тамыз, 2014 11:46
Алматы облысының аумағында арнайы мақсаттағы бөлімшелер арасында үздік сержант атағы үшін сайыс басталды.

Ведомствода хабарлағандай, іс-шараға әскери бөлімдерде он номинация бойынша өткізілген ең үздік радиотелефоншы, жүргізуші, мерген (атқыш), бөлімше командирі, рота (топ) сержанты, батальон сержанты, бригада сержанты атанған сайыстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары қатысуда.

67 әскери қызметші әскери-кәсіптік, әскери-спорттық және көркем әдеби сайыстарда өз мүмкіндіктерін ортаға салады.

«Қайсар» эстафетасы төзімділік пен дене даярлығы сынға түсетін ең күрделі емтихан. Эстафетаға 25 метрлік инженерлік кедергілер учаскесінен өту, жалпыәскери қорғаныс кешенімен және газтұмшамен жүз метрді  жүгіріп өту, радиостансаның жұмысын және байланысқа шығуын даярлау, дөңгелектер үйіндісінен өту сынды күрделі талаптар қойылған.  

Сонымен қатар, сайыс бағдарламасы бойынша танкілер мен жауынгерлік машиналарды күрделі жерлерде жүргізу, елді-мекенді бағдарлау, әскери пәндер бойынша тестілер тапсыру, түрлі қашықтықтарды бағындыру, белтемірге тартылу, АК-74 автоматы мен ПМ-9 Макаров тапаншасынан ату көзделген.

14 тамызда аяқталатын сайыс қорытындысының жеңімпаздары 
ҚР Қарулы Күштерінің үздік сержанты атағы үшін өтетін бүкілармиялық сайысқа жібері

Суретті ҚР Қорғаныс министрлігі ұсынды

Барлық жаңалықтар