Еліміздің шығысында автокөліктердің 50%-дан астамы өндірілетін болады

12 Тамыз, 2014 17:56
ШҚО-да Қазақстанның барлық машина құрылысы өнімінің 20%-ға жуығы өндіріледі, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығы хабарлады.

Қазіргі таңда облыс аумағында «Азия Авто» АҚ (Өскемен қаласы) мен  «СемАз» ЖШС (Семей қаласы) екі ірі кәсіпорын жұмыс істейді.

2015 жылы  «Азия Авто Қазақстан» АҚ кәсіпорын аумағында толық автокөлік желісін жасап шығатын арнайы желіні іске қосады. Осы ретте жаңа жұмыс орындары ашылып, өндіріс куаттылығы кезең-кезеңімен ұлғайтылады.

Ал, дәл сол жылы ««Алға» Қазақстандық автокөлік коорпорациясы» ЖШС  «Howo» жүк көлігі өндірісі бойынша жобасын жүзеге асыра бастайды. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында елімізде өндірілетін автокөліктердің 50%-дан астамы шығарылатын болады.  

Барлық жаңалықтар