ШҚО-да 6 айда инвестиция көлемі 126 млрд теңгені құрады

12 Тамыз, 2014 16:13
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 6 айда 126,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға артты, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

Физикалық көлем индексі  - 100,5%. Ағымдағы жылдың 7 айында күтіліп отырғаны 144,7 млрд теңге, өсім жеделдгі 100,3 %. 

«Аймақтың инвестициялық белсенділігі Индустрияландыру картасында көрініс табуда. Бүгінде, Индустрияландыру картасында ШҚО-ның жалпы сомасы 685,2 млрд теңге болатын 61 жобасы бар. Ал, осы 61 жобаның - 70% жоғары қайта өңдеу. Қайта өңдеу өндірісі саласында жобалардың 8% (республика бойынша орташа көрсеткіш - 7,4%)», - деді ШҚО-ның кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бастығы Шәкәрім Бүктігітов.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін жалпы сомасы 17,5 млрд теңге болатын 13 жоба іске қосылады. Жаңа жобаларды іске қосу 1,3 мың адамды жаңа жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар