Н.Назарбаев: Түрікменстан біздің елге жақын әрі бауырлас мемлекет

12 Тамыз, 2014 15:54
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды, деп Ақорданың бапасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Түрікменстанның біздің елге жақын әрі бауырлас мемлекет екенін атап өтті.

«Біз әрдайым саяси-экономикалық жақсы қарым-қатынаста болдық және оны әрі қарай жалғастыруға дайынбыз. Қазір маңызды жоба – Қазақстаннан Түрікменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына шығатын теміржол құрылысын аяқтау күтіліп отыр. Ол аяқталысымен бүкіл өңірдегі  сауда қатынастары мүлде жаңа деңгейге көтеріледі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Р.Мередов Президент Гүрбангулы Бердымухамедовтың жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ  Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы құрылысының барысы туралы әңгімелеп, оны іске қосудың әуелгі мерзімі жөнінде хабардар етті.

Сонымен қатар, Р.Мередов сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, отын-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты іс-қимылдардың дамуын атап өтті. 

 

Барлық жаңалықтар