Кеденшілер жеке шоттарды жүргізу мәселелерін талқылады

12 Тамыз, 2014 19:47
Қостанай облысында өткен дөңгелек үстелдің барысында 2014 жылдың шілде айы ішінде Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқық қорғау қызметінің қорытындылары бойынша тауарларды кедендік ресімдеу кезінде кедендік төлемдер мен салықтардың жетіспеу фактілері талқыланды.

КБК баспасөз қызметі хабарлағандай, кеден бекеттері мамандарының назарына кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке дұрыс есептелуі, сондай-ақ кеден органының бірінші басшысының немесе оны ауыстырушысының бұйрығына сәйкес жеке шоттарды жүргізу кеден ісі саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, кеден, кеден бекеттерінің, кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамына жүктелетіні туралы ақпарат жеткізілді.

Кедендік кіріс басқармасының өкілдері кеден бекеттерінде орнатылған POS-терминалдар арқылы ақша құралдарын алу туралы Нұсқаулық бойынша түсіндірулерді берді.

Барлық жаңалықтар