• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Түрікменстанның министрлері 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламысына қол қойды

Қазақстан мен Түрікменстанның министрлері 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламысына қол қойды

12 Тамыз, 2014 11:23
Бүгін ҚР СІМ ведомство басшысы Ерлан Ыдырысов Түрікменстанның министрлер кабинеті басшысының орынбасары - сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті. Кездесу барысында екі жақтың ведомство басшылары 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламысына қол қойды.

"Менің келіссөздер нәтижесіне көңілім толып отыр. Біз екі жақты бірдей толғандырып жүрген мәселелердің барлығын жан-жақты талқылап, ортақ шешімге келдік ",- деді кездесу барысында  Ерлан Ыдырысов.

Өз кезегінде, Рашид Мередов атап өткендей, Қазақстан мен Түркменстан арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстың тарихи негізін өз кезінде ата-бабаларымыз орнатып кеткен.

"Біздің екі жақты байланыстарымыздың ішінде мәдени бірыңғай байланысқа басымдылық берілген. Осы ретте біз өзара қарым қатынасымызды одан ары нығайтатын боламыз ", - деп атап өтті ол.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар