Қазақстан мен Колумбия арасындағы ынтымақтастық талқыланды

12 Тамыз, 2014 11:53
Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасы атынан, қайта сайланған Колумбия Республикасының Президенті Хуан Мануэль Сантос Калдеронның ұлықтау рәсіміне қатысты.

Ант беру рәсімі, ел басшылығы мен парламентарийлерінің, жоғары лауазымды шетелдік қонақтардың, халықаралық ұйымдар және Богота қаласында тіркелген дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен «Patio Núñez» алаңында өтті.

Ұлықтау рәсімі шеңберінде, «Casa de Nariño» Президент сарайында Елші Б.Ордабаевтың Колумбия Президенті Х.Сантосом Калдеронмен протоколдық кездесуі орын алды.

«Кездесу барысында, қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты Х.Сантосқа жолдаған құттықтау хатының түпнұсқасын тапсырып, әр түрлі бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында, Қазақстан басшылығы, Колумбиямен диалогты одан әрі дамытуды жалғастыратынын растады», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Колумбия Президенті Х.Сантос Елші Б.Ордабаевқа өзінің осы жоғары лауазымға қайта отыру ресми іс-шарасына қатысқанына алғысын білдірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың достық ниеттегі құттықтауына өзінің шынайы ризашылығын айта отырып, Мемлекет Басшысына және барлық Қазақстан халқына амандық және гүлдену тіледі.

Сонымен қатар, Колумбия Президенті Х.Сантос қазақстандық-колумбиялық қатынас жылы және достық түрде қалыптасқанын атап өтіп, екіжақты ынтықмақтастықты дамытудағы бағыт өз жалғасын табатынын ашып айтты.

Сонымен қатар, Елші Б.Ордабаевтың Богота қаласына іссапары шеңберінде Колумбия Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен және басқа да Колумбияның құзыретті органдар өкілдерімен кездесуі өтті.

Барлық жаңалықтар