Бейрутта қазақстандық-ливандық қатынастар талқыланды

12 Тамыз, 2014 10:37
Елші Б.Сәрсенбаев Бейрут қаласында жұмыс сапармен болды, деп СІМ-де хабарлады.

«Сапар аясында Ливан Премьер-министрі Т.Саляммен, бұрынғы Премьер-министр, «Мустақбәл» партиясы парламенттік блогының жетекшісі Ф.Синиорамен, Әділет министрі А.Рифимен, Сыртқы істер және эмигранттар министрлігінің Бас хатшысы У.Рхейнимен, ҚР Ливандағы Құрметті консулы Ю.Канаанмен және басқа ресми тұлғалармен бірқатар маңызды кездесулер өткізді», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды, оларды кеңейту мен нығайту жолдарын, сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады.

Б.Сәрсенбаев сонымен қатар, ливандық «Liban live» және «LBC SAT Live» телеканалдарына тікелей эфирде сұхбат берді.

Барлық жаңалықтар