• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда машина жасау саласында KazINNO инновациялық жобалар байқауы басталды

Қазақстанда машина жасау саласында KazINNO инновациялық жобалар байқауы басталды

12 Тамыз, 2014 10:03
Машина жасау саласында KazINNO инновациялық жобалар байқауына өтінім қабылдау басталды.Шараны инвестиция және даму министрлігі мен «Техникалық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ ұйымдастырып отыр.

«НАТР» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, байқауға машина жасау саласындағы барлық жобалар мына талаптар бойынша қабылданады: радиотехника және электротехника, электроника, машина жасау, робот техникасы, жеңіл және астық өнеркәсібін жабдықтау, технологиялық қондырғыларды құрастыру.

Байқауға қатысу инновациялық жоба бастамашылары  мен стартап ұжымдарға салалық сарапшылардан кеңес алуға мүмкіндік береді.

Конкурстың қорытындысы бойынша, АҚШ-тің жетекші акселераторынан тағылымамадан өтуге мүмкіндік беріледі. Тағылымдама барысында ұжымдар өз жобаларын жетілдіріп, дамытуына алғышат жасайды.

Шараның  қорытындысы Алматы қаласында 26-28 қыркүйек те мәлім болады. 

Барлық жаңалықтар