• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық делегация Бангкок қаласында ЭСКАТО-ның 70-ші сессиясына қатысты

Қазақстандық делегация Бангкок қаласында ЭСКАТО-ның 70-ші сессиясына қатысты

12 Тамыз, 2014 09:32
Бангкок қаласында қазақстандық делегация БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (БҰҰ АзТМЭӘК) «Ортақ гүлдену үшін аймақтық өзара байланыс» атты 70-ші сессиясына қатысты, деп СІМ-де хабарлады.

Сессия жұмысы экономикалық өсу мен дамуды қолдауға бағытталған аймақтық байланыстың рөліне жұмылдырылған. Оның ішінде тұрақты дамудың үш аспектісі: әлеуметтік, экономикалық және экологиялық.

Сессияның министрлік сегментінде ҚР Елшісі және АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты өкілі М.Есенбаев Қазақстан – 2050 стратегиясы, Еуразиялық экономикалық одақ құру, инвестициялық ахуалды нығайту мәнмәтініндегі ҚР әлеуметтік-экономикалық басымдылықтарын сипаттап берді.

Баяндамада Қазақстанның АзТМЭӘК және АзТА-мен азық-түлік, су қауіпсіздігі мен энергетика, апаттар қатерін болдырмау, теңізге шығатын жолы жоқ елдер үшін Алматы әрекеттер жоспары, СПЕКА бағдарламалары мен ЖКСБ іске асыру жөніндегі ғаламдық мәселелер бойынша ынтымақтастық сұрақтары атап өтілді.

Сессия барысында Елші М.Есенбаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – АзТМЭӘК Атқарушы хатшысы Ш.Ахтармен кездесуі өтті. Кездесу барысында көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру, ЖКСБ, Алматыдағы Төтенше жағдайлар бойынша орталықтың құрылуы, сонымен қатар жүзеге асыру нәтижелері теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер бойынша БҰҰ 2-ші конференциясында (2014 жылғы 3-5 қараша, Вена, Австрия) қарастырылатын АПА орындау мәселелері талқыланды.

Кездесуде трансшекаралық өзендер алаптарындағы су ресурстарын басқаруға ерекше көңіл бөлінді. Ш.Ахтар Орталық Азиядағы су тапшылық мәселесін шешуде эксперттік көмек ұсынды.

Сессиясы нәтижесі бойынша АзТМЭӘК 12 қарар қабылдап, оның үшеуі бойынша Қазақстан тең автор болды.

 

Барлық жаңалықтар