Б.Сағынтаев ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды

12 Тамыз, 2014 09:16
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ағымдағы экономикалық жағдай мәселелері бойынша селекторлық режимде кеңес өткізді, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Еуропа мен АҚШ елдерінің Ресейге қатысты санкцияларымен байланысты Қазақстанның ағымдағы экономикалық жағдайы мен РФ-ның жауап ретіндегі санкцияларына байланысты ықтимал тәуекелдер туралы Ұлттық экономика министрі Е.Досаев баяндады.

Сондай-ақ, өңірлерді мұнай өнімдерімен, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету және тұрақтандыру қорларын азық-түлік ресурстарымен толықтыру мәселелері де қаралды.

Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Б.Сағынтаев ел экономикасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттілігін баса айтты.

 

Барлық жаңалықтар