• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық чемпионат өтуде

Алматы облысында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық чемпионат өтуде

11 Тамыз, 2014 18:13
«Жетісу» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ІІ ашық республикалық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті.

Жарысқа 14 облыстан, Астана және Алматы қалаларынан, «Өрт сөндіруші» АҚ, Көкшетау техникалық институтынан және Тараз қаласының мамандандырылған колледжінен келген командалар қатысады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттың бағдарламасына төрт түрлі жарыс кірді: оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100-метрлік жолақты еңсеру, 4х100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.

Өрт-құтқару спортының салалары өрт-құтқарушылардың күнделікті қызметінен  алынған және төтенше жағдайлар кезінде оларды бейнелеуге арналған.

 

 

Барлық жаңалықтар