Алматы облысынан Сенат депутаттығына 5 үміткер ұсынылды

11 Тамыз, 2014 16:15
Бүгінгі таңда ҚР Парламенті Сенатының депутаттық лауазымына Алматы облысынан 5 үміткер ұсынылды, деп облыстық сайлау комиссиясы хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 2 тамызында 5 үміткер ұсынылды. Облыстық сайлау комиссиясы ҚР «Сайлау туралы» Заңына сәйкес үміткерлерді тексеруден өткізді. 6 тамыз күні депутаттықа үміткерлер мәслихат депутаттарынан  дауыс жинау үрдісін аяқтады», - деді облыстық сайлау комитетінің төрағасы Асқар Құрманғалиев.

Оның айтуынша, 5 тамыз күні облыстық сайлау комиссиясының мүшесі «Қазақстан» арнасында сайлау науқанына дайындық туралы мәлімдеді.

«6 тамыз күні сайлау комиссиясы баспасөз қызметі жұмыскерлерінің жиналған дауысқа байланысты растығын тексерді. Жоспарға сәйкес, 7 тамыз күні үміткерлердің толық тізімі шықты, сондай-ақ,  9 тамыз күні 3 үміткер үміткерлікке тіркелді, 2 үміткер 10 тамыз жағдайы бойынша құжатты толық тапсырған жоқ», - деді ол.

Алматы облысының салық департаменті 3 үміткердің декларациясы бойынша тексеріс жүргізуде.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар