• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев Түркия Премьер-Министрі Р.Ердоғанды президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады

Н. Назарбаев Түркия Премьер-Министрі Р.Ердоғанды президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады

11 Тамыз, 2014 15:32
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоғанға президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сайлау нәтижелері Сіздің қоғамдағы беделіңіздің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеруге және Түркияның халықаралық орнын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі болды», - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Р.Ердоғанның басшылығымен Түркия Республикасы халықаралық саясатта салмағы бар жоғары дамыған елдердің біріне айналғанын атап өтті

Барлық жаңалықтар