• Басты
  • Жаңалықтар
  • И.Сауэр: Қазақстанда экспорттық тауар «сызғышы» наннан басталып күрішпен аяқталады

И.Сауэр: Қазақстанда экспорттық тауар «сызғышы» наннан басталып күрішпен аяқталады

11 Тамыз, 2014 14:33
Қазақстанда экспорттық тауар «сызғышы» наннан басталып күрішпен аяқталады, деп ОКҚ брифингінде «Қазақстанның ет-сүт өнімдерінің одағы» ЗТБ директоры Иван Сауэр мәлімдеді.

«Біздің өнімдердің сызғышы өте ұзын, ол ас атасы-наннан басталып, күрішпен аяқталады. Бүгінде Қазақстан күрішті экспорттай алады, сондықтан да бізге нарық қажеттілігі туып отыр. Біздің бизнес қана емес, Кедендік одақ бизнесі бізді тұрақты шешім жасауға бағыттауы керек. Қазір жағдай өзгерді біздің тауар сұранысқа ие болмай қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Ресейлік әріптестер өнімімізді нарыққа шығаруға септігін тигізеді деген үміттеміз», - деді ол.

Сондай-ақ, Иван Сауэр қазақстандық тауар жақсы деңгейде және компания қазақстандықтардың сұранымына иелік ететіндігін атап өтті.

«Ресей бізге өз нарығын ашты, бизнес-қауымдастықтағы ең басты проблема ол – нарықтарды іздеу мен олар үшін күресу. Бұл жерде бізге өз қақпаларын ашып, келіп еңбек етіңдер дейді, меніңше оған барлығы өз нарықтарын тастап жүгіре жөнелу мүмкін емес. Бізде өзара байланыс орнатылған, мәселен «Родина» өз өнімін Астанаға жеткізеді. Бізде барлығы келісілген, сатып алушыларымызбен қарым-қатынас тұрақты орнатылған. Ертең біреу мына өнімді Ресейде 10 пайызға қымбат сатуға болады десе, оған ұмтыла жөнелмейміз, себебі біздің өз нарығымыз бар», - деді И. Сауэр. 

Индира Кауметова 

Барлық жаңалықтар