Кеңейтілген отырыста Президент біз күткен жаңалықты айтты– Сауэр

11 Тамыз, 2014 12:17
Үкіметтің кеңейтілген отырысында біз Президенттен күткен жаңалығымызды естідік. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Қазақстанның ет-сүт одағы» ЗТБ төрағасы Иван Сауэр мәлімдеді.

«Айта кетерлігі, біз кеңейтілген отырыста күткен жаңалығымызды Президенттен естідік. Демек, агроөндірістік сала елдің негізгі салаларының бірі болып қалмақ. Ол тағы бір мәрте айқындалды», - деді ол.

Айта кетейік, агроөндірістік сала екінші ұстаным бойынша бағаланатын.

«Бізге қандай дәреже алқымдалғаны белгілі. Біз онымен күнделікті кездесеміз, ең бастысы әлеуетті арттыру үшін тапсырмалар қойылды», - деді Сауэр.

«Көп жағдай Мемлекет басшысы мен тауар өндірушілердің көңілінен шықпайтыны анық. Біз бүгін күн кешіп отырған жағдай біздің көңілімізден шықпауы керек, осыған орай нақты тапсырмалар жүктелуі керек», - деді ол.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар