Қазақстан мен Жапония инвестиция саласында ынтымақтастықты дамытады

11 Тамыз, 2014 09:01
Астанада ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Тосимицу Мотэгимен кездесті.

Ведомство хабарлағандай, тараптар тікелей инвестициялар тарту бойынша кешенді жоспарын Қазақстанда іске асыру аясында екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту маңыздылығын атап өтті.

Оның ішінде министрлер Қазақстан мен Жапонияның үкімет пен жеке меншік секторларының Бірлескен Комиссия жасаған Экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды ңығайтудағы жол картасын жаңартуды қолдады.

Тараптар инвестицияларды Ырықтандыру, көтермелеу және өзара қорғау туралы Қазақстан мен Жапония арасындағы келісім шартқа тез арада қол қоюға уағдаласты. Аталған құжат институционалды құрамды жетілдіру, оның ішінде ҚР мамандырылған кадрларды тарту және қазақстандық мамандарды оқыту ережелерін көздейді.

Екі ел ынтымақтастығының жаңа бағыттары мен бірлескен жобалар, жалпы инвестициялық ынтамақтастық келешегі Экономикалық ынтамақтастық жөніндегі Қазақстан мен Жапонияның  үкімет пен жеке меншік секторларының Бірлескен Комиссиясының V отырысының барысында талқыланатынын атап өткен жөн.Ол шара Астана қаласында үстіміздегі жылдың қазан айында өтеді деп жоспарлануда. Шараға 100 астам Жапонияның іскерлер ортасының өкілдері қатысады деп күтілуде.

2013 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы $1,7 млрд. құрады. Тәуелсіздікті алғалы бері Қазақстанға Жапониядан $5,5 миллиардтан астам тікелей инвестициялар тартылды.

Барлық жаңалықтар