• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысында мұнай және газ кен орындарындағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Маңғыстау облысында мұнай және газ кен орындарындағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

10 Тамыз, 2014 12:34
Кен орындарында туындайтын өндірістік және өрт қауіпсіздігі мәселелері Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, кеңесте төтенше жағдайлар туындайтын кен орындарында қауіпсіздікті арттыру үшін кәсіпорындарды қаржыландыру сынды сұрақтар да талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша, аймақ басшысы мемлекеттік органдар мен табиғи қазба байлықтарын өндірушілерге экологиялық және өндірістік қауіпсіздікті арттыру бойынша талаптарды күшейтуді тапсырды. 

Барлық жаңалықтар