• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жекешелендіру аясында сату ашықтығы қамтамасыз етіледі – Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

Жекешелендіру аясында сату ашықтығы қамтамасыз етіледі – Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

10 Тамыз, 2014 10:02
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы экономика және елдің әлеуметтік дамуына байланысты сұрақтар бойынша бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Оның бірі жекешелендірудің екінші толқынына байланысты болды. Н. Назарбаев саудаға байланысты барлық үрдістің ашықтығын қамтамасыз етуді талап етті.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов Strategy2050.kz АА жекешелендіруді өткізудің жоспары жайлы айтып берді.

«Біз Президент қойған тапсырмалардың барлығын орындауға тырысамыз. Мемлекеттік мүлік, республикалық коммуналдық қатынасында сату электронды түрде өтетіндіктен ол 100 пайыз ашықтықты қамтамасыз етеді», - деді комитет басшысы.

Оның айтуынша, электронды алаң сатып алушыларға сатылып жатқан нысанның бүге-шүгесіне дейін ақпарат беріп, сату үрдісіне қатысатын құжаттарды қысқартады.

«Бұл алаң саудаға қатысатындарға өте қолайлы, құжаттар санын қысқартады, сондай-ақ, аталмыш жүйе өзге мемлекеттік органдардың жұмысымен интеграцияланған», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар