Ақтөбе облысында 18 кәсіпорын жекешелендіру құрамында – әкімдік

9 Тамыз, 2014 13:07
Ақтөбе облысының 18 кәсіпорны жекешелендіру құрамына енеді, олар мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы, жолаушылар тасымалы, баспа және редакциялық қызмет саласындағы мекемелер, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Қазіргі таңда жекешелендіру бойынша тұрақты комиссия құрылды, 2014 жылы жекешелендіру бойынша сатылатын тізім бекітілді. Тазалық пен бірауыздылықты сақтау мақсатында бірыңғай сату алаңы құрылды, тұрақты комиссия құрамына Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы өкілдері қосылды.

«Бүгінгі таңда баспа шығару саласында және жекешелендірудің жол картасына енген 7 кәсіпорын 2 сату алаңында сатылды. Олар: «Жем Сағыз» ЖШС,Байғанин ауданы, «Жаңалық жаршысы» Аудандық газеті»  ЖШС, Айтеке би ауданы», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар