Алматыда 18 балабақшаның құрылысы жүруде – әкімдік

9 Тамыз, 2014 11:34
Алматыда 2 760 орындық 18 балабақша мен 1 200 орындық мектептің құрылысы жүруде, деп қала әкімдігінде хабарлады.

Сондай-ақ, қалада денсаулық сақтаудың 3 нысаны салынуда олар қолданысқа 2015 жылы беріледі. Ағымдағы жылы 18 жаяу жүргінші жолын аяқтап, 16-сын қайта бастау жоспарланған.

«Соңғы жылдары Алматыда 22 заманауи мектеп, 25 балабақша, 19 денсаулық сақтау нысаны салынды. Мұндай құрылыс қарқыны қала тарихында болмаған», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар