• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды

Н. Назарбаев индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды

9 Тамыз, 2014 10:01
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Жарлық жаңа технологиялар және өнімділіктің жоғары деңгейін шығаратын салалар негізінде ел экономикасының дамуына бағытталған.

Құжаттың толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Барлық жаңалықтар