Жаңа Үкімет әлемдік қиын жағдайдан шығу үшін құрылды – М.Бәшімов

8 Тамыз, 2014 17:00
Жаңа Үкімет қиын әлемдік жағдайдан шығу және Елбасыны Қазақстан-2050 стартегиясында атап көрсеткен міндеттерді орындау үшін құрылды, деп хабарлады сарапшы, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған шешімдердің қисыны бар, мақсат-міндеттер айқын белгіленді. Көптеген сарапшылардың айтуынша, қалыптасып отырған геосаяси жағдай ойландырады, әлемдік экономикалық дағдарыстың салдары әлі анық емес, бұл орайда Үкімет алдағы уақытта мемлекетіміз бастан кешуі мүмкін жағдайға алдын ала дайындалып жатыр. Сондықтан міндеттерді стратегиялық тұрғыда қою керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент атап көрсеткендей, министрліктердің қайта құрылуы осы стратегиялық жоспармен байланысты», - деді сөз басында М. Бәшімов. 

Оның пайымынша, Үкіметтің биылғы жылдың алты айында атқарған жұмысының нәтижесі көңілге қонымды.  

«Ең алдымен, менің бағалауымша, үкімет бірінші жартыжылдықта басты міндет – экономикалық өсім қарқынының төмендеуіне жол бермеді. Бұл өте маңызды. Алдағы екі-үш жылда Үкімет алдында үлкен міндеттер тұр. Еуразиялық экономикалық одақ аясында ауқымды жұмыстар жасау керек. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру, бюджеттік бақылау бағытында көп шаруа тындыру қажет. Мемлекет басшысы бюджеттік қаражатты пайдалануды бақылауға үлкен көңіл бөлуді үнемі айтып отырады. Сондай-ақ, тиімді мемлекеттік басқаруды құрудың да маңызы айрықша. Айта кетерлік жайт, Елбасы алдымызға дамыған 30 елдәің қатарына ену міндетін қойды, қазіргі әлемдік экономикалық жағдайда бұл соншалықты оңай шаруа емес», -деп түйіндеді ол.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар