2014 жылдың астық жинау науқанына 250 мың техника жұмылдырылады

8 Тамыз, 2014 16:01
Қазақстанда ағымдағы жылы астық жинау науқанына 250 мың астық жинау техникасы жұмылдырылады. Бұл туралы ҚР АШМ-де өткен брифингте мәлім болды.

«Ағымдағы жылы астық науқанына 45 мың астық жинайтын комбайн, 156 мың трактор, 15 мың бірлік дестелегіш, 46,8 мың жүк машинасы жұмылдырылады»,  -деді ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша астық ору техникасының дайындығы 94 пайыз дестелегіш, 95 пайыз кептіру көлігі, 96 пайыз мехникаланған тоқ машинасы қалпында.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 7 тамызындағы жағдай бойынша гүлдеу кезеңінде 7,9 млн га немесе егілген жердің 52 пайызы тұр. Жетілу кезеңінде 7,2 млн га немесе 47,2 пайыз.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар