• Басты
  • Жаңалықтар
  • АШМ: 2014 жылы Қазақстанда 22 млн-ға жуық гектарға дәнді- дақылдар отырғызылды

АШМ: 2014 жылы Қазақстанда 22 млн-ға жуық гектарға дәнді- дақылдар отырғызылды

8 Тамыз, 2014 15:41
Қазақстан егіні орташа есеппен жақсы деңгейде. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 21,8 млн гектарды алып жатыр, яғни, өткен жылмен салыстырғанда 315 мың гектардай артық. Бұл туралы ОКҚ өткен, егін жинау маусымына арналған брифингте белгілі болды.

«2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 21,8 млн гектарды алып жатыр, яғни, өткен жылмен салыстырғанда 314,7 мың гектарға артық. 15,6 млн гектар жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген», - деді ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

Айта кетерлік жайт, 7 тамыздағы жағдай бойынша дәнді дақылдар алқабының 49,3 % жақсы, 44,3% қанағаттанарлық, 5 % күйде.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар