Жыл соңына дейін Қызылорда облысында 65 нысан пайдалануға беріледі

8 Тамыз, 2014 16:48
Қызылорда облысында 88 нысанның құрылысы жүруде. Оның 65-і жыл соңына дейін қолданысқа беріледі, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Білім беру саласында 40 нысан салынуда. Оның 32-і ағымдағы жылы дайын болады. 12 білім беру нысанын республикалық бюджет қамтамасыз етуде, 20-сын облыстық бюджет қамтуда. Денсаулық сақтау саласында 21 нысан салынуда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 7 нысан салынуда.

«Оған қоса, туризм мен спортқа арналған мекемелер салынады. Жыл басынан бері «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 5210 шаршы метрді құрайтын 86 пәтер берілді. Жалпы, ағымдағы жылы  қоныс тойын 837 отбасы тойламақ», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар