Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Абайдың күні аталып өтті

8 Тамыз, 2014 19:41
Өскемен қаласының орталық алаңындағы Абай Құнанбаев ескерткішінің алдында Ұлы ақынның 169 жыл толуына орай «Абай күні- День Абая»» салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

«Біз бұл игі шараны осымен екінші жыл қатарынан өткізіп келеміз,  бүгінде тақырыптық көрмелер, мәдени шаралар өтеді», - деді сөз басында аймақ басшысының орынбасары Жақсылық Омар.

Сонымен қатар, ол келер жылы әлем әдебиеті мойындаған қазақтың ұлы ақынының 170 жылдығына орай ауқымды шара өтеді. Осы ретте дайындық жұмыстары басталып кетті, деп атап өтті.

Жалпы, шара аясында әншілер Абайдың әндерін орындаса, түрлі ұлт өкілдері оның өлеңдерін жатқа оқыды. 

Барлық жаңалықтар