• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жекешелендірілетін нысандардың сауда-саттық тәртібіне өзгертулер енгізілді - Өтепов

Жекешелендірілетін нысандардың сауда-саттық тәртібіне өзгертулер енгізілді - Өтепов

8 Тамыз, 2014 14:28
Жекешелендірілетін нысандардың сауда-саттық тәртібіне өзгертулер енгізілді, деп ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов хабарлады.

«Қазақстанда жекешелендірілетін мемлекеттік мүлік сауда-саттықта белгіленген шарттар бойынша сатылады. Жекешендірудің екінші толқыны аясында аталмыш тәртіпке электронды коммерциялық сауда мен байқау бөлімдері бойынша өзгерістер енгізіліп, ол 6 тамыздан бастап күшіне енді», - деп атап өтті Эдуард Өтепов. 

«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының стратегиялық емес нысандарды жекешелендірудің екінші толқынының тапсырмаларын орындау аясында өткен жылдың мамырынан бастап «Электрондық бәссауда» мемлекеттік мүлік тізілімінің онлайн веб-порталы режимінде мемлекеттік меншік нысандарын сату бойынша сауда-саттықтың электрондық формасы енгізілді», - деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, сауда-саттықтың аталмыш түрі көп қатысушыларды тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, бәсекелестік деңгейі көтеріліп, нысандар арзан бағамен сатылады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар