• Басты
  • Қазақстанда жоғары оқу орнын дамыту үшін оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру қажет – маман пікірі
15 Ақпан, 2013 00:00

Қазақстанда жоғары оқу орнын дамыту үшін оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру қажет – маман пікірі

Жоғары оқу орындары оқытушыларының әрбірінің жеке кәсіби біліктілігін арттыру арқылы, біз қазақстандық білімді әрі қарай дамытып, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге елеулі үлесімізді қоса аламыз. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институтының директоры Гүлнәр Балақаева осындай пікір білдірді.
Қазақстанда жоғары оқу орнын дамыту үшін оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру қажет – маман пікірі

«2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған міндеттерді орындаудағы педагогтардың рөліне ерекше көңіл бөлінген. Бұл заңды және уақытында жасалған. Педагогикалық білім осы жүйенің іргетасы болып табылады. Яғни, бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы педагогтардың кәсібилігі, біліктілігі мен жауапкершілігімен анықталатын болады», - деп атап өтті Гүлнәр Балақаева. 

2012 жылы Қазақстанда республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институтының базасында жоғары мектеп мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарлама қолға алынған.

«Бағдарламаның мақсаты отандық оқытушылық құрамды осы салада қажет инновациялық білім, біліктілік пен шеберлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Біздің алдымызда маңызды міндеттер тұр. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеді. Педагогтың біліктілігін арттыра отырып, біз оның алған білімін студенттерді, яғни болашақ мұғалімдерді дайындаған кезде пайдаланатынын түсінеміз. Демек, педагогты оқыту дегеніміз – ұлтты оқыту деген сөз», - деген пікірін білдірді Балақаева.

Оның айтуынша, педагогикалық мамандық оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған тың бағдарлама арқылы педагогтардың жаңа буынын дайындау көзделген.

«Бағдарламаны меңгеру арқылы тыңдаушылар алдына мақсат қоя білетін, педагогикалық жағдайды талдай алатын, оқу процесін жобалап, жүзеге асыруға икемді, өз қызметінің нәтижесін бағалай алатын болашақ ұстаздарды дайындайды. Бағдарлама республиканың барлық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарының оқытушыларын қамтиды. Әлемнің біліктілікті арттыру бойынша үздік тәжірибесі пайдаланылады», - деп атап өтті республикалық институт директоры.

Мұнымен қатар бағдарлама аясында қазақстандық оқытушылар шетелдік жоғары оқу орындарында тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие. 2012 жылы 12 университеттің 55 оқытушысы шетелде біліктілігін арттырып қайтқан.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды