• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша халықаралық жазғы лагерь ашылады

Алматы облысында жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша халықаралық жазғы лагерь ашылады

8 Тамыз, 2014 14:45
Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және алыс шет елдердің 59 жоғары оқу орындарынан 350 өкілдері 5 күн бойы 13-17 тамыз аралығында «Enactus Kazakhstan» Ұлттық офисі мен директорлар кеңесінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің қолдауымен өткізілетін «Enactus Summer Camp» халықаралық жазғы бизнес мектебіне қатысады, деп Білім және ғылым министрлігінде хабарлады.

Enactus – мұқтаж адамдардың өмір деңгейі мен сапасын жақсарту үшін  кәсіпкерлік мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылған студенттердің, академиялық және іскер көшбасшылардың басын біріктірген халықаралық коммерциялық емес ұйым. Enactus студенттері адамдардың жұмыс табуына немесе өз кәсіптерін  ашуына ықпал ететін түрлі әлеуметтік жобаларды іске асыруда.

Қазіргі таңда Enactus Қазақстанның барлық өңірлерінен 45 жоғары оқу орнының 1200 студентін қамтып отыр. Enactus ұйымының әлеуметтік маңыздылығының айқын дәлелі 2013-2014 оқу жылында студенттердің жобаларды іске асыруы барысында     47 кәсіпорынның ашылып, 397 адамның жұмыспен қамтылуы.

Enactus Summer Camp лагері Enactus бағдарламасына қатысушы жас студент кәсіпкерлер үшін өткізілетін іс-шаралардың бірі. Бұл бизнес лагерь жастар үшін ірі жазғы бизнес конференция болып табылады.

 

Барлық жаңалықтар