• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру жағдайы талқыланды

Ақмола облысында АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру жағдайы талқыланды

8 Тамыз, 2014 14:02
Ақмола облысында ауыл шаруашылығында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардан өзі үшін барынша пайда алуда шаруашылықтарға көмек көрсетуге қатысты семинарға Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімшіліктері өкілдері мен агроқұрылымдары қатысты, деп «ҚазАгро» АҚ хабарлады.

Зерендіде өткен семинарға 200 қатысушы жиналды. Осы орайда «ҚазАгро» Ұлттық холдингі агрошаруашылықтар басшыларынан бөлек облыстардың ауыл шаруашылық Басқармаларының басшыларын, ауыл шаруашылығы сұрақтарын қарайтын аудан әкімдері орынбасарларын, олардың өз аймақтарындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің назарына семинар барысында алған ақпаратты жеткізу мақсатымен шақырды.

Мысалы, қаржыландыру шарттары талқыланып және шошқа шаруашылығы, балық шаруашылығы және бақша өсіру бағыттарын қоса алғанда ауылда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, сондай ақ «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде несие мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау сұрақтары, одан бөлек осы бағдарлама аясында инвестициялық субсидиямен қалай қолдану керектігі толық талқыланды.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру сұрақтары талқылаудың жеке тақырыбы болды. Холдингтің қаржыгерлері төрт облыстың аудандары тұрғыда несиелендіру бағдарламалары бойынша проблемалық қарыздар және оны шешу жолдары туралы айтып өтті. 2013 жылы «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің агросаланы қаржыландыру көлемі: Ақмола облысында – 50,6 млрд.теңге, СҚО бойынша – 30 млрд.теңге, Қостанай облысында – 31,4 млрд.теңге, Қарағанды облысында – 8,23 млрд.теңгені құрады.

 2014 жылдың басынан АӨК субъектілерін қолдау шеңберінде «ҚазАгро» холдингі компаниялар тобымен Ақмола облысына – 17,2 млрд.теңге, СҚО – 9,5 млрд.теңге, Қостанай облысына – 12,9 млрд.теңге, Қарағанды облысына – 6,2 млрд.теңге бағытталды.

 

Барлық жаңалықтар