Жамбыл облысында жыл соңына дейін 85 нысан пайдалануға беріледі – әкімдік

8 Тамыз, 2014 12:57
Ағымдағы жылы құрылыс саласына 35,6 млрд.теңге бөлініп, 135 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның 85 нысанын үстіміздегі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп Жамбыл облысының әкімдігінде хабарлады.

«Білім саласындағы 30 нысанның құрылысына республикалық және жергілікті бюджет есебінен  9,75 млрд.теңге бөлініп, бүгінгі таңда 3 мектеп және 2 балабақша пайдалануға берілді», - делінген хабарламада.

Қазір  5 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 21 дәрігерлік пункт пен амбулатория іске қосылады.   

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 3 денсаулық сақтау, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 8 нысанның құрылысына 2,6 млрд, теңге бөлінген. Қазір 3 көппәтерлі  тұрғын үй пайдалануға берілсе, 3 жыл соңында тапсырылады.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда.  Бүгінде құны -4,3 млрд. теңге болатын 18 нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.   

Сонымен қатар, биыл  жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекендер көшелерін жөндеу мен күтіп ұстауға бюджеттен 3,6 млрд. тенге бөлінген.

Бұл қаражат-  19 шақырым жолды  күрделі жөндеуден, 334 шақырым автожол мен 4 жасанды ғимаратты орташа жөндеуден өткізуге жұмсалуда.

Барлық жаңалықтар