• Басты
  • Жаңалықтар
  • Төрт жылда эпизоотикаға қарсы отряд инспекторлары 811 инфекциялық аурулар ошағын жойды – АШМ (ФОТО)

Төрт жылда эпизоотикаға қарсы отряд инспекторлары 811 инфекциялық аурулар ошағын жойды – АШМ (ФОТО)

8 Тамыз, 2014 16:34
2010 ж. бастап 2013 ж. дейін эпизоотикаға қарсы отрядының инспекторлары 811 инфекциялық аурулар ошағын жойды, деп хабарлайды ҚР АШМ.

Айта кетерлік жайт, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты «Республикалық эпизоотикаға қарсы отрядының» республикалық мемлекеттік мекемесінің  құрылғанына 15 жыл толды.  Жалпы елімізде отрядтың 14 облыстық филиалы бар. Олар эпизоотикаға қарсы отряды ҚР Үкіметімен бекітілетін тізімге кірген жануарлардың аса қауіпті аурулардың ошақтарын, сондай-ақ аса қауіпті ауруларына шалдыққан жануарларды жоюмен айналысады. Бұдан басқа эпизоотикаға қарсы отряды қызметіне республикалық ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сақтау кіреді.  Республика аумағын экзотикалық жануарлар ауруларынан және жұқпалы аурулардың енуімен таралуынан қорғау үшін мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық бекеттерге эпизоотикаға қарсы отрядының инспекторлары қатыстырылады.

2010 ж. бастап 2013 ж. дейін эпизоотикаға қарсы отрядының инспекторлары 811 инфекциялық аурулар ошағын жойды. Көрші елдерден ҚР аумағына кіретін көлік құралдарын дезинфекциялау бойынша шектес мемлекеттерге 34 бекет орнатылды. Атап айтқанда, Ресей Федерациясы шекарасында 16 бекет, Қырғызстан шекарасында – 8, Қытай және Өзбекстан шекараларында 5 бекеттен қызмет етеді.

Мекеменің материалдық-техникалық базасын 140 бірлік арнайы техникасы құрайды. Оның ішінде дезинфекциялық құралдары бар автокөліктер, кезекші көліктер, инсинираторлар, био дәрі-дәрмектерді жеткізетін рефрижераторлар, УАЗ, ГАЗ арнайы техникалар және т.б. 

Суретті түсірген Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар