• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Техникалық реттеу комитеті мен Орталық ISO хашылығы меморандумға қол қойды

Астанада Техникалық реттеу комитеті мен Орталық ISO хашылығы меморандумға қол қойды

8 Тамыз, 2014 09:47
Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (KAZMEMST) мен Орталық ISO хашылығы (Халықаралық стандарттау ұйымы) арасында өзара түсінушілік туралы меморандумға Астана қаласында ISO бас хатшысы Роб Стил және ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев қол қойды.

Ведомство хабарлағандай, меморандум мәні ISO стандарттарын әзірлеуге олардың қатысуына байланысты Орталық ISO хатшылығының сарапшылары мен KAZMEMST персоналының оқу бағдарламасы үшін жағдай жасау болып табылады. Меморандум бойынша, ISO сондай-ақ өнімнің, менеджменттің және еңбек қатынастарының сапасы халықаралық нормаларының сәйкестігіне әкелетін 2016-2020 жж арналған ISO стратегиясын кешендік енгізу саласында консультациялық қолдауды көрсетеді. Меморандум қазақстандық тұтынушыларға, сарапшыларға ИСО базасымен жұмыс істеуге, сондай-ақ халықаралық стандарттарды әзірлеуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) мен ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің ұсынуымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ұйымдастырған Орталық Азияның, Шығыс және Орталық Еуропаның стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылық ететін атқарушы директорларының үш күндік ISO форумының іскерлік бағдарламасы шеңберінде құжатқа қол қойылды.

Айта кетейік, ISO (Халықаралық стандарттау ұйымы) халықаралық стандарттарды әзірлеумен және жариялаумен айналысатын әлемдегі ең ірі ұйым болып табылады. Ол әр елден бір мүшеден, 163 елден тұратын стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың желісін ұсынады. Барлық жүйені үйлестіретін Орталық Хатшылық Швейцарияның Женева қаласында.

Барлық жаңалықтар