- Басты
- Жаңалықтар
- Мельбурнда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Мельбурнда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Елші Е.Баударбек-Қожатаев Австралиядағы қазақстандық қауымдастықтың негізін салушы және Қазақстандық-Австралиялық сауда өнеркәсіп палатасының президенті австралиялық кәсіпкер Эндрю Фернихоуға құрметті консул патентін табыстады.
Австралияның федералды Үкіметінің атынан сөз сөйлеген Бронвин Бишоп өндіруші сала мен ауыл-шарушылықтың басымдылығы бар ұлттық экономикалардың құрылымдары ұқсас екенін ескере отырып, Құрметті консулдықтың ашылуы екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюіндегі маңызды қадам деп атады. Австралиялық саясаткер, елдер арасындағы өзара қатынастың едәуір әлеуетін атап өтіп, Қазақстанның Сидней қаласындағы Бас консулдығын жоспарланған ашылуын қоштады. Б.Бишоптың пікірінше, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартып және бейбіт атомды дамытып жатқан мемлекет және этникааралық және дінаралық үйлесімді құрған қоғам ретінде әлемнің басқа елдеріне үлгі.
Виктория штатының Үкіметі атынан сөйлеген сөзінде Заң шығарушы жиналысының Спикері Кристин Файф Құрметті консулдықтың ашылуы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандануына әкелетініне сенім білдірді. Ол өзінің әріптестеріне Қазақстанмен парламентаралық достық лигасын құруға ұсыныс жасаймын деп жариялады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Қазақстанның бейбіт бастамалары