- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Павлодар облысының жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесті
Елбасы Павлодар облысының жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесті
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның қуатты индустриялық орталығы болып саналатынын айтып, облыстың бірқатар кәсіпорындарының жұмысымен танысқанын атап өтті.
«Өңір өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын қоса қамти отырып, барлық бағытта дамып келеді. Шағын және орта бизнесті қолдауға басымдық берген жөн, мемлекет бұл салаға қажетті жағдай жасауда, соның ішінде жеңілдікпен несиелер берілуде», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы өңірдегі өнімдердің едәуір бөлігі өзге облыстардан, сондай-ақ Ресейден әкелінетініне назар аударды. Соған орай Павлодар облысы бар мүмкіндіктерді ескере отырып, азық-түлікпен өзін өзі қамтамасыз ете алатынын атап айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев алдағы жиын-терін науқанына дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде атқаруды тапсырды.
Мемлекет басшысы сондай-ақ халық тұрмысын жақсарту және әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу қажеттігіне баса мән берді. Атап айтқанда, сумен қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару қажет, өйткені 30 шақты елді мекен әлі күнге дейін таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті облыстың экологиялық ахуалын жақсарту жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев өңірді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын, соған орай «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға ден қою қажеттігін атап өтті.
Өңір жұртшылығы өкілдері Мемлекет басшысына облыста жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар туралы әңгімелеп, болашақ жоспарлары туралы ой бөлісті. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелерге, шағын және орта бизнесті дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін алғыстарын айтты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр